Ауаның ластануына жол бермеу. Қандай шаралар жүзеге асырылады

29 Мамыр 2024, 18:47
494
Бөлісу:
Ауаның ластануына жол бермеу. Қандай шаралар жүзеге асырылады

Павлодар облысында өткен жылдан бері экологиялық мәселелерді шешу бойынша «Жол картасы» жүзеге асырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мамандардың хабарлауынша, жоба шеңберінде 33 шара қолға алынады. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында өңір кәсіпорындары табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға 25,9 млрд теңге бөлген.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Сағын Төлеутаевтың айтуынша, былтыр экологиялық нормативтерге біртіндеп жету мақсатында шаралар қолға алынды. Көрсеткіштер атмосфералық ауа, су ресурстары мен топырақ сапасы компоненттері бойынша бекітіледі.

Құжат облыстық экологиялық кеңес мүшелерімен бірлесіп жасалды. Биыл, сонымен қатар, парниктік газдар шығындыларын азайту бағдарламасы жасала бастады. Тұрғындардың өтініштері бойынша жедел әрекет ету мен тексерістердің тиімділігін артту үшін экология департаментіне қарасты зертханалар құралдармен қамтамасыз етілді. Қосымша газанализаторы, дозиметр, шығарылған газ көрсеткішін есептеу сияқты құралдар іске қосылды. Экологиялық мониторингтің ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды құралы – AirKZ мобильді қосымшасын дамыту. Тұрғындар «Қазгидромет» автоматты станциялары орналасқан жерде ауа сапасы туралы ақпаратты онлайн режимде көре алады, - деді Төлеутаев.

Өзекті ақпарат қалалардағы лед-экрандар арқылы таратылып тұрады.

Сынаптан ластанған тарихи жерлерді оңалту жұмыстары жалғасуда. Жер астындағы қауіпті металдың қозғалысына жол бермеу үшін 2,4 шақырымдық «топырақ астындағы қабырғаның» құрылысы аяқталды. Бүгінде Ертіс өзегі мен топырақта сынап көрсеткішінің нормадан артуы тіркелмеді.

Өзгелердің жаңалығы