Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары жұма күні қай қалада ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
"2019 жылдың 18 қаңтарында Қарағанды қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады, ал Астана және Теміртау қалаларында күтіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.