Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын- шашын түседі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ түседі. Жалаңашкөл ауданында желжыі жылдамдығы 17-22 м/с болады.
Атырау облысының кей жерінде тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде кей жерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының кей жерінде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз кей жерде жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең бұрқасын болады, тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қостанай, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түседі.