Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жасалды

22 Қаңтар 2019, 21:02
3213
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет 23 қаңтар күні еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертті.

23 қаңтарда Ақтөбе облысында және Ақтөбе қаласының кей жерлерінде бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында түнде бұрқасын соғып, көктайғақ болады.

23 қаңтар күні Қостанай облысының басым бөлігінде және Қостанай қаласында бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

23 қаңтар күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде және Ақтау қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Өзгелердің жаңалығы