Елордада "Қазақстандағы ауа сапасын тиімді басқару не үшін қажет?" тақырыбында сарапшылардың қатысуымен семинар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шара барысында халықаралық сарапшылар ауа сапасын басқару жүйесін әзірлеу және тұрғын үй мен көлік секторларында ластануды азайту жөніндегі шараларды тиімді іске асыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Бүгінгі семинардың ең басты тақырыбы қарапайым азаматтардың, азаматтық қоғамның таза ауаға қолжетімді болу үшін қандай іс-әрекетті жасау керек, қандай методикалар бар екенін айту. Экологияға тән тәрбие ол отбасынан басталады, - дейді Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Ләззат Рамазанова.
Семинардың мақсаты - халықаралық тәжірибеге сүйеніп, Қазақстанның ауа сапасын жақсартуға ықпал ету.