Ауа райының қолайсыздығынан екі облыста жол жабылды

Бөлісу:
Ауа райының қолайсыздығынан екі облыста жол жабылды
Фото: архив

"ҚазАвтоЖол" Солтүстік Қазақстан облысы мен Атырау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 19 ақпан сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты “Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау теңіз порты” автожолының 3-120 шақырым аралығында (Доссор ауылы-Құлсары ауылы) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады, - делінген хабарламада.

Жолды 20 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды.

2025 жылғы 19 ақпан сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:

- "Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 624-673 шақырым арылығы (Достық ауылы - Тоқсан Би ауылы);

- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" автожолының 795-834 шақырым аралығы (Чистополье ауылы - Рузаевка ауылы).

Өзгелердің жаңалығы