Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыздығына байланысты 500-ден астам жолаушыны қосымша тасымалдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана–Қарағанды және Астана–Щучинск бағыттарындағы тас жолдарында қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілді.
Сол себепті, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық тасымалдаушы 500-ден астам жолаушыны қосымша пойыздар арқылы тасымалдау шараларын ұйымдастыруда.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен көлік қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, қолайсыз ауа райы кезінде жолаушылар тасымалын ерекше бақылауда ұстайды. Барлық азаматтарды сақтық шараларын сақтауға және алыс сапарларға шықпауға шақырамыз, - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
21 қаңтардан бастап жолаушылар үшін келесі станцияларда пойыздарға отырғызу ұйымдастырылады:
Бурабай курорты станциясынан (Астанаға дейін):
- №6830 "Көкшетау-Астана";
- №7508 "Көкшетау-Нұрлы-Жол".
Сарыбел станциясынан (Қарағанды мен Астанаға дейін):
- №6857 "Қарағанды-Астана".