Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 9 облыста жолдар жабылды

Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Тоғыз облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайларды жою департаментінің басшысы Магомет Ахриев мәлімдеді.

Республикалық маңызы бар тасжолдардағы 30 учаскеде және облыстық маңызы бар тасжолдардағы 24 учаскеде көлік қозғалысы шектелді.

Шектеулер Астанада, сонымен қатар Ақмола, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы