Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауа райының күрт өзгерісі су ресурстарына қысым түсіріп отыр

26 Маусым 2025, 15:15
653
Бөлісу:
 ОКҚ
Фото: ОКҚ

Елімізде биыл вегетациялық кезең орташа көпжылдық мерзімнен 20 күнге ерте басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Биылғы вегетациялық кезең орташа көпжылдық мерзімдерден 20 күнге ерте басталды. Бұл көктем мезгілінде болған жалпы заңдылықтан ауытқыған жылы ауа райы жағдайларымен түсіндіріледі. Сонымен қатар атмосфералық жауын-шашын тапшылығы мен ауа температурасының жоғары болуы қолда бар су ресурстарына едәуір қысым түсіріп, суармалы жерлерді тұрақты сумен қамтамасыз ету міндеттерін айтарлықтай күрделендіруде, - деп атап өтті ведомство өкілі.

Айтуынша, осыған байланысты министрлік бірнеше шараны қолға алған.

Министрлік суармалы су тапшылығы тәуекелдерін төмендету бойынша жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізіп, оның ішінде шаруалармен су пайдалануды реттеу және жүйелеу жөніндегі іс-шаралар атқарып жатыр. Осылайша, былтырдан бастап министрлік суармалы суды келісімшарт негізінде беру жұмысын ұйымдастырды. «Қазсушар» филиалдары мен фермерлер арасында тікелей келісімшарттар жасасу су беру шарттарының ашықтығын қамтамасыз етіп, тараптардың жауапкершілігін арттыруға және суды рұқсатсыз пайдалануды азайтуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы