Ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірде жол жабылды

Кеше, 22:56
121
Бөлісу:
Ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірде жол жабылды
Фото: BAQ.KZ - архив

Ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірде жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, келесі республикалық автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

Ақмола облысы:

  • "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы:

  • "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 4 ақпан сағат 00:00-де ашу жоспарланған.

Cондай-ақ “Үшарал-Достық” автожолының 84-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Көктума ауылынан Достық стансасына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.

Өзгелердің жаңалығы