Күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.
5 қаңтарда сағат 00:00-де республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Қызылорда облысы:
"Шымкент-Самара" 1240-1357 шақырым аралығында (Ақтөбе обл.шекарасынаң - Арал қаласына дейін)
Ақтөбе облысы:
"Шымкент-Самара" 776-1240 шақырым аралығында (Ақтөбе қаласынан - Қызылорда облысының шекарасына дейін)
"Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай" 0-234 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан - Қостанай облысының шекарасына дейін)
Қостанай облысы:
"Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай" 234-310 шақырым аралығында (Ақтөбе обл.шекарасынаң - Адаевка ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Алматы облысы:
5 қаңтарда сағат 00:30-да республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" 25-67 шақырымда (Ақы алу пункты -Конаев қаласына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Барлық жолды 5 қаңтар сағат 06:00-де жолды ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.