"ҚазАвтоЖол" компаниясы күн райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде жол жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
29 желтоқсан сағат 23:00-де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Самара-Шымкент" автожолының 1357-2055 шақырым аралығында (Арал қ.- Түркістан обл. шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қою жоспарланған
30 желтоқсан сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Сондай-ақ сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
Қызылорда облысы:
- "Қызылорда-Павлодар" автожолының 12-216 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Ұлытау облысының шекарасына дейін);
Түркістан облысы:
- "Самара-Шымкент" автожолының 2055-2095 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Түркістан қаласына дейін);
Ұлытау облысы:
- "Қызылорда-Павлодар" автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскесі (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).
Аталмыш учаскелерде жол қозғалысын 2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.