Ауа райының бұзылуына байланысты республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.
Қызылорда облысы:
7 қантарда сағат 19:00-де республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» автожолының 12-216 шақырым аралығында (Қызылорда қаласынан - Ұлытау облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 8 қандарда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Ұлытау облысы:
7 қантарда сағат 19:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскеде (Қызылорда облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады.
Жолды 8 қантарда сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
7 қаңтар сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.
Қостанай облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін);
Ақмола облысында:
- «Жезқазған-Петропавл» 377-440 шақырым, (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін).
Жолды 8 қаңтар сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.