Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 1 облыста республикалық маңызы бар 1 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлім етті.
Шығыс Қазақстан облысында – ұзындығы 160 шақырымды құрайтын 1 автожол (қар көшкіні қаупі).
- Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары - Ушановсое а.- Алтай қ.(барлық автокөлік үшін)
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 293 бірлік техника және 321 жолшы жұмылдырылған.
Еске сала кетейік, бұған дейін республикалық автожолдарды басқару жөніндегі ұлттық оператор елдің барлық өңірінде жол ашық екендігін айтқан болатын.