Ауа райына байланысты екі өңірде жол жабылды

7 Наурыз 2025, 21:41
628
Бөлісу:
Ауа райына байланысты екі өңірде жол жабылды
Фото: pixabay.com

Еліміздің екі өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы мәлімдеді.

7 наурыз сағат 18:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожол учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылғаны белгілі болды.

Абай облысы:

  • "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 615-768 шақырым аралығы (Жетісу облысының шекарасы – Аягөз қаласы);
  • "Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы" автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен ауылы – Үржар ауылы).

Жетісу облысы:

  • "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 615-768 шақырым аралығы (Үшарал қаласы – Абай облысының шекарасы).

Жолды 8 наурыз сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы