Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауа райына байланысты екі облыстағы жолдарда қозғалыс шектелді

Кеше, 22:25
427
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

Ауа райына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облысындағы республикалық автожолдарда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 10 қаңтар сағат 21:45-тен бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облыстарындағы республикалық автожолдардың бірқатар учаскелерінде жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысында шектеу «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965–1240 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысының шекарасы) енгізілді.

Қызылорда облысында осы автожолдың 1240-1362 шақырым аралығындағы бөлігінде (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы) қозғалыс шектелді.

Жол қозғалысын 2026 жылғы 11 қаңтар күні сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы