Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы бірқатар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 6 наурыз сағат 22:00-ден бастап республикалық маңызы бар «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 965–1153 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылы – Ырғыз ауылы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады.
Сондай-ақ Қостанай облысында 2026 жылғы 6 наурыз сағат 20:15-тен бастап келесі автожол учаскелерінде қозғалыс уақытша тоқтатылды:
- «Денисовка – Жітіқара – Мүктікөл – РФ шекарасы» автожолының 0-50 шақырымы (Денисовка кенті – Жітіқара қаласы);
- «Денисовка – Таврическое – Аршалы – Комаровка» автожолының 0-56 шақырымы (Денисовка кенті – Ресей Федерациясының шекарасы).
Жолдарды 2026 жылғы 7 наурыз сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.