Ауа райына байланысты бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

Аталған жол учаскелерінде қозғалысты 2026 жылғы 11 наурыз сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

 freepik 10 Наурыз 2026, 22:14
10 Наурыз 2026, 22:14
652
Фото: freepik
  • Бүгін, 10 наурыз күні сағат 20:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шектеу Абай және Жетісу облыстары аумағындағы бірнеше жол учаскесіне қатысты.

Абай облысында:

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-967 шақырымы (Жетісу облысының шекарасынан Калбатау ауылына дейін);
  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 528-704 шақырымы (Баршатас ауылынан Аягөз қаласына дейін);
  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» автожолының 707-941 шақырымы (Аягөз қаласынан Боғас ауылына дейін);
  • «Таскескен – Бақты – Қытай шекарасы» автожолының 0-75 шақырымы (Таскескен бұрылысы – Алматы–Өскемен трассасы арқылы Үржар ауылына дейін).

Жетісу облысында:

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 561-615 шақырымы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).

Сонымен қатар, Алматы облысы аумағында сағат 21:30-дан бастап келесі жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды:

  • «Көкпек – Кеген – Қырғыз Республикасының шекарасы (Түп) – Жалаңаш – Саты – Құрметті (Көлсай көліне кіреберіс жолымен)» автожолының 0–89 шақырымы (автожолға бұрылыс – Көлсай көлі);

  • «Көкпек – Кеген – Қырғыз Республикасының шекарасы (Түп)» автожолының 0-72 шақырымы (Көкпек ауылы – Кеген ауылы).

Батыс Қазақстан облысында:

Батыс Қазақстан облысы аумағында республикалық маңызы бар «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырым аралығында (Орал қаласынан Ресей шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған жол учаскелерінде қозғалысты 2026 жылғы 11 наурыз сағат 08:00-де және 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жол қызметтері жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, алыс жолға шықпауды және қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді.

Наверх