Бүгін, 4 наурызда ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысы
4 наурыз сағат 21:00-ден бастап:
- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234–501 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Рудный қаласы) барлық көлік түрлері үшін жабылды.
Жолды 5 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Ақтөбе облысы
4 наурыз сағат 21:30-дан бастап:
- «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5–234 шақырым аралығы (Қарабұтақ елді мекені – Қостанай облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктер үшін жабылды.
Ал 4 наурыз сағат 21:45-тен бастап келесі учаскелерде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды:
- «РФ шекарасы – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Алматы – ҚХР шекарасы» автожолының 776–965 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Қарабұтақ ауылы);
- «Ақтөбе – РФ шекарасы (ө/п Алимбет)» автожолының 39–136 шақырым аралығы (Ш. Қалдаяқов ауылы – Алимбет өткізу пункті);
- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526–702 шақырым аралығы (Маржанбұлақ ауылы – Батыс Қазақстан облысының шекарасы).
Аталған жол учаскелерін 5 наурыз сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, алыс жолға шықпау және ресми ақпарат көздерін қадағалау ұсынылады.