Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 ақпан күні Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысы
5 ақпан сағат 21:00-ден бастап:
- «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 16-51 км (Қосшы қаласы – Қарағанды облысының шекарасы);
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 км;
- «Астана – Атбасар – Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 16–347 км;
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30-92 км;
- «Астана – Қорғалжын» автожолының 19-124 км учаскелерінде қозғалыс тоқтатылды.
Қарағанды облысы
- «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 51-101 км (Ақмола облысының шекарасы – Нұра кенті);
- «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 км (Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ақы алу пункті) аралығында қозғалыс шектелді.
Павлодар облысы
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 км (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті кенті) учаскесінде көлік қозғалысы тоқтатылды.
Барлық бағытта жолдарды 2026 жылғы 6 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерден алыс жолға шықпау және жол қызметтерінің ресми хабарламаларын қадағалау сұралады.