Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

15 Қаңтар 2020, 15:58
1311
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша ертең еліміздің бірнеше өңірінде тұман түсіп, екпінді жел соғады.

"ҚазГидромет" мәліметінше, 16 қаңтарда Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Орал қаласында да, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с болады деп күтіледі.

Қостанай облысында кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Қостанай қаласында да күндіз бұрқасын, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с дейін жететін жел соғады,.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында да кей жерлерде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Петропавл қаласында күндіз 16 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Өзгелердің жаңалығы