Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ауа райына байланысты автожолдар жабылды

20 Қаңтар 2025, 18:48
529
Бөлісу:
 24.kz
VIDEO
Фото: 24.kz

"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

20 қаңтар сағат 16:30-да ауа райының бұзылуына байланысты екі республикалық автожолда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Ақмола облысы бойынша:
- "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесі (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысы бойынша:
- "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 2025 жылғы 21 қаңтар сағат 07:00-де ашу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы