Ауа райына байланысты Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
3 қаңтарда сағат 20:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» 526-702 шақырым аралығында (БҚО шекарасынан - Маржанбұлақ ауылына дейін) жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, - деп жазылған ҚазАвтоЖол хабарламасында.
Жолды 4 қаңтар сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Оқи отырыңыз: