Ауа райына байланысты бірқатар жол жабылды

3 Қаңтар 2020, 10:04
2253
Бөлісу:
Ауа райына байланысты бірқатар жол жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райы қолайсыздығынан елімізде кейбір республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлады «QazAvtoJol» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Елордадан шығатын "Нұр-Сұлтан - Петропавл" (18-231 шақырымы), "Нұр-Сұлтан - Қорғалжын" (19-180 шақырымы), "Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті" (16-200 және 200-242 шақырымы), "Екатеринбург - Алматы" (1006-1247 және 1291-1353 шақырымдары), "Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау" (51-102 шақырымы), "Қызылорда - Павлодар" (1135-1250 және 1066-1135 шақырымдары) және "Нұр-Сұлтан - Қарағанды" тасжолдары жабылды.



Өзгелердің жаңалығы