Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

14 Ақпан 2021, 20:15
1227
Бөлісу:
Ауа райына байланысты 7 облыста ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазкидромет 15 ақпандағы ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15 м/с жетеді. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда қаласында тұман болады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. 

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз жаяу бұрқасын соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. Петропавл қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды қаласында түнде тұман болады. 

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман болады. Таразда кей уақытта тұман түседі.

Өзгелердің жаңалығы