Ауа райына байланысты 3 облыста жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірнеше жолдың жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 qazaqstan.tv 7 Наурыз 2023 2023, 18:12
7 Наурыз 2023 2023, 18:12
1115
Фото: qazaqstan.tv

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы бірнеше жолдың жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

7 наурыз сағат 17:30-дағы ақпаратқа сәйкес 3 облыста ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілген.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай өңірлерінде тасжолдар жабылды.

Республикалық автожолдарды күтіп ұстау жұмысына 400 техника мен 500 қызметкер жұмылдырылды.

Наверх