Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 18 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Басым өңірде жауын жауады. Шығыста қатты жауын-шашын болжанады. Еліміздің тек батыс және оңтүстік бөлігінде күн райы ашық болады. Сондай-ақ республиканың кей жерінде екпінді жел тұрып, көктайғақ, тұман болады.Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші күндіз 25 м/с жетуі ықтимал.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман, түнде бұрқасын, көктайғақ болжанады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Павлодар облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерін тұман басып, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Сондай-ақ, түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 3 градус үсік жүреді.