Ауа райы: Үш облыста 1-3 градус үсік жүреді

30 Қыркүйек 2020, 07:30
1818
Бөлісу:
Ауа райы: Үш облыста 1-3 градус үсік жүреді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 30 қыркүйекте ел аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-нің баспасөз қызметі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күн ашық болады. Тек республиканың солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауады. Республиканың кей жеріне тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, түнде және таңертең Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түседі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, шаңды дауыл, жел қарқыны – 15-23 м/с.

Қызылорда облысының кей жерінде жел соғады, жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысының кей жерінде жел екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.


Өзгелердің жаңалығы