Ауа райы: Еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды

19 Тамыз 2020, 20:11
1473
Бөлісу:
Ауа райы: Еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мамандары хабарлады.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 20 тамыз күні Нұр-Сұлтанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

Ақмола облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің күші кей жерде секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23 метр болады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерде секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі сақталады. Қарағандыда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жезқазғанда оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Облыстың кей жерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с-қа жетеді. Петропавлда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 

20 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерде секундына 15-20 метрге дейін барады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Батыстан соққан желдің күші кей жерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Қостанайда батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.




Өзгелердің жаңалығы