Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

25 Маусым 2020, 19:26
1426
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

27 маусымда Қостанай облысында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде 15-20 м/с. 26-27 маусымда ауа температурасы түнде 3-11, күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендейді.

27-28 маусымда Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан  соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 27-28 маусымда ауа температурасы түнде 2-10, күндіз 10-18 градус жылыға дейін төмендейді.

27-28 маусымда Павлодар облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. 27 маусымда түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. 28 маусымда ауа температурасы түнде 5-10,  күндіз 10-18 градус жылыға дейін төмендейді.

27-28 маусымда Қарағанды облысында нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, дауыл соғады. 27 маусымда солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні күндіз кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. 27-28 маусымда облыстың солтүстігінде ауа температурасы күндіз 13-18 градус жылыға дейін төмендейді.

28 маусым күні күндіз Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр жауып, оңтүстігінде нөсер жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. 28 маусымда ауа температурасы күндіз 10-18 градус жылыға дейін төмендейді.

Нұр-Сұлтан қаласында 27-28 маусымда нөсер жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай жарқылдайды. 27 маусымда күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысқанда 27 маусым таңертең және күндіз, 28 маусымда тәулік бойы екпіні 15-20 м/с жетеді. 27 маусымда ауа температурасы күндіз 10-12 градус жылыға дейін төмендейді.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Өзгелердің жаңалығы