Ауа райы: Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

26 Тамыз 2020, 22:15
1869
Бөлісу:
Ауа райы: Бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы Қазгидромет мамандары хабарлады. 

27 тамызда Түркістан облысының таулы аудандарында түнде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жауады, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

27 тамызда түннің бірінші жартысында Түркістан қаласында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Ертең түнде және таңертең Шымкентте найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. 

27-28 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, 27 тамызда күндіз, 28 тамызда кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Сол күні Қарағанды қаласында күн күркіреп, найзағай жрқылдайды. 

27 тамызда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

27 тамызда Алматы облысында таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Жел бағыты солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады. Жел қарқыны найзағай кезінде 15-20, 25 м/с жетеді.





Өзгелердің жаңалығы