Ауа райы. 8 өңірде ескерту жарияланды

15 Желтоқсан 2021, 22:41
1247
Бөлісу:
Ауа райы. 8 өңірде ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне орай еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Таразда да 16-17 желтоқсанда тұман.

Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтауда 16 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі. Қызылордада 16 желтоқсанда кей уақытта тұман түсуі ықтимал. 

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкентте де, Туркістанда да 16 желтоқсанда түнде тұман түседі. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. Көкшетауда осы күні оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда да 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында жаяу борасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, батысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Өзгелердің жаңалығы