Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауады. Республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын бомайды. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшеюі мүмкін.
Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын, күндіз көктайғақ болады, жел 18 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде бұрқасын болып, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болуы мүмкін.
Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында көктайғақ болады.
Ақтөбе, Алматы облыстарының түнде кей жерінде тұман түседі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында жаяу бұрқасын болады. Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі.
Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын болуы ықтимал, күндіз жел жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұмантүседі, күндіз жаяу бұрқасын болады.
Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.