Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың кей жерінде қар жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз болады.
Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшеюі мүмкін.
Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі, түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с, күндіз кей жерде 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерде көктайғақ байқалады.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ байқалады, Жалаңашкөл ауданында жел 20-25 м/с, кей жерде екпіні 30 м/с күшейеді.
Жамбыл және Түркістан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман байқалады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман байқалады.