Өскемендіктер коронавирусқа қарсы қауқарды сынап көрді

5 Ақпан 2020, 10:25
1354
Бөлісу:
Өскемендіктер коронавирусқа қарсы қауқарды сынап көрді
PHOTO
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өскемен әуежайы санитарлық қызмет өкілдерімен бірлесе отырып коронавирус дертіне қарсы қауқарын сынауға арналған оқу-жаттығу өткізді.

Арнайы жасалған аңыз бойынша Зайсан ауданынан ұшып келген әуе рейсіндегі бір жолаушының жағдайы күрт нашарлап, коронавирусқа қарсы белгілер пайда болған. Әуе бортына арнайы қорғаушы киімдерін киген санитарлық-карантиндік бақылау қызметінің мамандары көтеріледі. 

екінші.jpg

Медициналық тескеріс кезінде жолаушының соңғы екі апта көлемінде Қытай Халық Республикасында болып, дәл қазір Қазақстандағы туған-туыстарын аралап қайтуға келгені анықталады. 

Жетінші.jpg

Қол тепловизорымен дене қызуын өлшеген мамандар оның бойынан қауіпті дертке ұқсас белгілердің байқалуына орай әуежайдың санитарлық пунктіне алып шықты. 

тоғызыншы.jpg

Ол жерде жолаушыдан қажетті биоматериалдар алынып, жедел жәрдемнің келуін күтті.

Он екінші.jpg

Анар Сабырбаева2.jpg

Қысқа уақыт ішінде аталған вирус әлемнің көптеген елдеріне таралып кеткені белгілі. Инфекция ошағымен шекаралас орналасқан мемлекет болған соң қауіпті дерттің біздің елімізге де еніп кету қаупі жоғары. Сол себепті осы сияқты оқу-жаттығуларды өткізу біз үшін өте маңызды. Бүгін коронавирусқа қарсы дайындығымызды пысықтап, науқастың жағдайы туралы ақпаратты жоғары тұрған органдарға жеткізуді байқап көрдік. Қауіпті вирус жұқтырды деп күдіктелген адамды әуежайдың оқшаулау бөлмесіне жеткізіп, қажетті биоматериалдарды алдық, - деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің бас маманы Анар Сабырбаева.
бесінші.jpg

Оқу жаттығу барысында санитар мамандар алғашқы медициналық жәрдем көрсету, алынған биоматериалдарды қауіптілігі жоғары зертханаға жолдау, дерт анықталған адамды арнайы капсулада алып шығып, қалалық ауруханаға жөнелту жұмыстарын машықтады.

Алтыншы.jpg


Өзгелердің жаңалығы