Ауғанстандағы ұшақ апатын Талибан тобы өз мойнына алды

28 Қаңтар 2020, 03:35
1390
Бөлісу:
Ауғанстандағы ұшақ апатын Талибан тобы өз мойнына алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның шығысында болған әуе апатын радикалды Талибан тобы өз мойнына алды, деп хабарлайды Ariana News.

Сонымен қатар бұл ұшақ АҚШ әскери әуе күштеріне тиесілі екені хабарланды. Бұған дейін оның жолаушылар ұшағы екені айтылған.

Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында ұшақ апаты орын алған болатын. Газни губернаторының өкілі Ариф Нуридің айтуынша, ұшақ Талибан бақылауындағы Дех-Як аймағына құлаған.

Жергілікті Tolo News телеарнасы апатқа ұшыраған ұшақ делінген фото, видеолар таратқан. Онда Bombardier E-11A ұшағының қалдықтарынан АҚШ әскери әуе күштерінің белгілері көрінеді. Бірақ бұл жазбаның түпнұсқасы әлі расталған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Ауғанстанда 83 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырағаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы