Ауғанстандағы президент сайлауы кезінде 32 адам қаза тапты

29 Қыркүйек 2019, 11:46
1576
Бөлісу:
Ауғанстандағы президент сайлауы кезінде 32 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Ауғанстанда кеше өткен президенттік сайлау кезінде лаңкестердің шабуылынан 32 адам қаза тауып, 113 тұрғын жараланды, деп хабарлады Хабар24. 

"Дауыс беру учаскелеріне 113 шабуыл жасалған. Олардың 64 «Талибан» радикалды қозғалысы мойынына алды. Саяси шара 2001 жылы «Талибан» радикалды қозғалысы биліктен құлатылғалы бері 4 рет өтіп отыр. Бұл жолғы додаға 14 үміткер түсті. Олардың арасында елдің қазіргі президенті Ашраф Гани мен премьер-министр Абдулла Абдулла бар. Сайлаудың алғашқы қорытындысы 19 қазанда, соңғы нәтижесі қарашаның 7 күні жарияланады. Егер ешбір кандидат сайлаушылардың басым дауысына ие болмаса қарашаның 23 күні екінші тур өтеді", - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы