Нью-Йорктің федерал сотына рэпер әрі продюсер P. Diddy-ге (шын аты Шон Комбс) тағы 6 адамнан арыз түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап.
Арызды екі әйел мен төрт ер адам анонимді түрде берген. Өйткені олар өз қауіпсіздігіне алаңдаған. Бір жәбірленуші Комбстен 16 жасында зорлық көргенін айтқан еді. Көптеген шағымда Комбс өзінің танымалдылығын пайдаланып, адамдарды сәнді кештерге шақырып, кейін арсыз істерге мәжбүрлеген.
Адвокат Тони Базбидің мәліметінше, қазіргі таңда Комбсқа қарсы 120-дан астам шағым дайындалып жатыр. Арыз берген 60 ер адам мен 60 әйел бар. Олардың ішінде 25-і кәмелетке толмағандар.
Еске сала кетсек, 18 қыркүйекте 54 жастағы Шон Комбсқа "ірі көлемді қылмыстық іс", адам саудасы және тағы бірнеше қылмыс жасады» деген айып тағылған болатын.