Атыраулық студенттер референдумға қатысты ойларын білдірді

20 Мамыр 2022, 19:38
1031
Бөлісу:
Атыраулық студенттер референдумға қатысты ойларын білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Абай орталығында республикалық қоғамдық қолдау штабтың өңірдегі мүшелері студент жастармен кездесті.

Штаб мүшелері – Дәурен Сейітқалиев, Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Серік Қадыров, «Жас Отан» жастар қанатының облыстағы төрағасы Абылай Құрметұлы студенттерге Ата Заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың мән-маңызын түсіндірді.  Өз кезегінде жастар да ой-пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сауалдарын қойды.

 Бұрын Конституциялық өзгерістерді Парламент  өзара талқылап, қоғамның араласуынсыз шешетін болды. Қазір халық тікелей араласып, «иə» немесе «жоқ» деп таңдау жасауы керек. Бүгінгі жастар осыны қалайды. Екінші мәселе, қазір халық сайлаған əкімдердің қолында тұтқа  жоқ. Қолында «кілт» болмағандықтан, аудандық, қалалық, облыстық əкімдікке  қарайды, қаржылық мəселелер туындаса  да өздігінен шешім қабылдай алмай жалтақтайды. Ал, ертең қала, облыс əкімін халық сайласа, үміткер ретінде іскер, танымал, халықпен етене араласып жүрген азаматтар сайлауға түсіп, қолдауға ие болғаннан кейін, шаруасы «ақсап» қалса, халық «өзім таңдадым» деп айта алады. Демократиялық тұрғыдан алғанда өте тиімді қадам. Аталған жүйе былтыр тəжірибе ретінде басталды. Оны кең қолданысқа енгізу үшін əлі де біраз уақыт керек сыңайлы. Бұл – менің өз ойым, – деді Дәурен Сейітқалиев.

Соңында жиналғандар референдумға ұсынылатын өзгерістерді бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы