Атыраудағы NIS мектебінің 12 сынып оқушылары Темірлан Губашев, Мөлдір Сәлім және Айсұлтан Жұмабай SUNY Korea университетіне қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айсұлтан мен Темірлан Оңтүстік Корея Президентінің грантын иеленіп, толықтай тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Олар енді Оңтүстік Кореяда үш жыл, сондай-ақ, АҚШ-та бір жыл білім алады.
azh.kz сайтындағы мәлімет бойынша Оңтүстік Кореядағы оқу орны 2024 QS World University рейтингі бойынша әлемнің үздік 400 университетінің қатарына кіреді. Сонымен қатар, Темірлан Губашев пен Сәлім Мөлдір "Constructor" University , "Luiss" University және "Drexel" университеттеріне де шақырту алды.
Мектебімізге барлық мүмкіндіктері мен қолдауы үшін шексіз алғысымызды білдіреміз, алтын ұямыздың арқасында білім саласында жетістіктерге жеттік, жеке тұлға ретінде өсіп, өз әлеуетімізді аштық, – дейді білімді оқушылар.
Айта кетейік, бұған дейін NIS мектебінің оқушысы Амина Курбанова Американың алты университетінен шақырту алғанын жазған едік.