Атыраулық блогер Жайық өзенінің деңгейін күнде өлшеп жүр

31 Мамыр 2024, 09:00
377
Бөлісу:
Атыраулық блогер Жайық өзенінің деңгейін күнде өлшеп жүр
VIDEO
Фото: скриншот

Әлеуметтік желіде «РембазГидромед» деген атаумен таралған бейнежазбалар топтамасы бүгінде екі миллионға жуық қаралым жинап жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Бейнежазба авторы - Шыңғыс Рахмашев. Блогер күнде Жайық өзенінің деңгейі туралы әзіл аралас бейнежазба түсіріп, әлеуметтік желіге жүктейді. Шыңғыс Рахмашев 180 см межелік материалды Рембаза ауылы бойындағы Жайық өзеніне қағыр қойған. Осыған қарап күнде су деңгейі қаншалықты өскенін біліп отырады. Айтуынша, әзірге қауіп төнбеді, сондықтан байбаламға салынуға негіз жоқ.

Қазір әлеуметтік желіде тасқын қаупі туралы неше түрлі ақпарат тарап жүр. Оның қайсысына сенеріңді білмейсің. Сол үшін неге өзім дәлелденген ақпарат таратпасқа деген оймен контент түсіріп бастадым. Күнде миллионнан көп қаралым жинайды, демек өңірдегі жағдай әркімді де алаңдатады. Бұдан бөлек мені еліміздің басқа қалаларынан да оқитын оқырмандарым бар екенін байқадым. Олардың арасында «Рембазгидромед» сұранысқа ие. Халық күнде менімен бірге су деңгейін бақылап отырады. Тілсіз жаудан еліміз аман болсын,- деді Шыңғыс Рахмашев.

Айта кетейік, блогер осы контентті бастағалы бері ресми іnstagram парақшасында 13 000 оқырман қосылып үлгерген.

Өзгелердің жаңалығы