Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері соңғы екі жылда жергілікті 50 азаматтың құқығын қорғаған. Бұл туралы департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жауаптылар жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік қызметшілердің арыз-шағымдарын қараумен ғана шектелмей, мониторинг пен талдау жүргізген.
Департаменттің жұмысы нәтижесінде мүгедектігі бар азаматтарлың да бұған дейін туындаған мәселелері шешілді. Атырау қаласының орталық көпір аумағынан шағын көлемді кемесімен табыс тауып отырған тұрғынға да көмек көрсетілді. Азаматқа заңсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғандығы, қызметінің тоқтауына алып келгендігі анықталып, мемлекеттік органға ұсыныс енгізіліп, қызметкердің тәртіптік жауапкершілігі қаралған.
Тиісті мемлекеттік қызметшілердің жұмысына бағалау жүргізіліп, 2,5 миллион теңге тиесілі қаражаты берілген, 418 126 теңге іссапар шығындары мен 298352 теңге еңбекақы, жәрдемақы төлемдерінің өсімпұлдары төленсе, 2,6 миллионнан астам теңге мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақылары, негізсіз үстеме жұмыс үшін 1,4 миллионнан астам теңге мөлшерінде төлем ақылар өтеліп берілген, жүктеме жұмыс жасап отырған қызметкерге ақысының 20 %-ы көлемінде үстемақысы жүргізілген, негізсіз артық жұмысқа тартылған 107 қызметкерге ақы төленетін демалыс күндері берілді, - дейді облыстағы департамент басшысы Е.Ермаханбетов.
Департаментке жүгінген Махамбет ауданы әкімдігінің 2 қызметшісінің штаттарының қысқартылуына байланысты 2 млн теңгеге жуық жәрдемақыларының төлемдері өтеліп, қызметшілердің заңнамамен кепілдік берілген әлеуметтік кепілдіктері қорғалған.