Атыраулық полицейлер есепте тұрған 500-ден астам адамды тексерді

<p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраулық полицейлер республика көлемінде өтіп жатқан «Учаске» жедел прфилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды туғызатын себептер мен жағдайларды жою, қылмыскерлікті ескерту мақсатында ІІО-ның тізімдік және профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларға тексеріс жұмыстарын жүргізуде. </p> <p> </p>

 11 Қыркүйек 2021 2021, 15:46
11 Қыркүйек 2021 2021, 15:46
2517

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраулық полицейлер республика көлемінде өтіп жатқан «Учаске» жедел прфилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды туғызатын себептер мен жағдайларды жою, қылмыскерлікті ескерту мақсатында ІІО-ның тізімдік және профилактикалық есебінде тұрған тұлғаларға тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

Атырау қаласы полиция басқармасының профилактикалық есебінде 2500 астам адам тіркеуде тұр.

Шара басталғалы учаскелік полиция инспекторлары 10 күннің ішінде 500-ден астам есептегілерді тексеріп, полиция басқармасының тізімдік есебіне 70-ке жуық тұлғаны жаңадан есепке алды, - делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған екі азаматтың ісі сотқа қайта жолданды. Тәртіп сақшылары есепте тұрған тұлғаларды бақылауды жалғастырады.

Наверх