Атыраулық браконьерден 50 келіден астам бекіре тәркіленді

14 Қараша 2021, 15:50
601
Бөлісу:
Атыраулық браконьерден 50 келіден астам бекіре тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бекіре тұқымдас бағалы балықты заңсыз тасымалдаған жүргізуші Исатай ауданында ұсталған. 

Департаменттің балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» іс-шарасын өткізіп жатыр. Олар 11 қарашада сағат 8:50 шамасында патрульдік полиция инспекторларымен бірге «Ақтөбе-Ресей Федерациясы шекарасы» бағытындағы тас жолдың 616-шақырымында «Лада Гранта» көлігін тоқтатқан. Бұл көліктің иесі Исатай ауданының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан шамамен 50-60 келі көлеміндегі ақ түсті 3 қаптарға салынған бекіре тұқымдас балықтарын анықтап, тәркіледі, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. 
Қазір ұсталған көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.


Өзгелердің жаңалығы