Атыраудың Махамбет ауданында 22 эвакопункт әзірленді 

5 Мамыр 2024, 22:10
424
Бөлісу:
Атыраудың Махамбет ауданында 22 эвакопункт әзірленді 
Фото: baq.kz

Жайық өзеніндегі су деңгейінің тәулік сайын көтерілуіне байланысты Атырау облысы Махамбет ауданында 22 эвакуациялық пункт әзірленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елді мекендерді су басқан жағдайда тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге арнайы көлік құралдары бөлінген. Қазір өңірде тасқынның алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Эвакуация жоспары да әзірленді. 22 эвакуациялық пункттерге 24 автобус және ГАЗель автокөліктері дайындалған. Бұл осы бір уақытта 200 адамды тасымалдауға дайын. Жеке автокөліктер де осы тасымалдауға ұйымдастырылып жатыр, - деді Махамбет ауданы білім бөлімінің басшысы Венера Қабышева.

Өзгелердің жаңалығы