Атырауда бас ауруына айналған экологиялық проблеманы шешетін жол картасы әзірленбек, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді.
Алпауыт кәсіпорындар енді өндіріс орнында анализ жүргізіп, экологияға кері әсер етіп жатқан факторлар санын тежеу керек.
Бұқарамен кездескен вице-министр маңызды сауалдарға құлақ түріп, жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктеді.