Атыраудағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркінің мәселелері талқыланды

2 Шілде 2023, 18:15
961
Бөлісу:
Атыраудағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркінің мәселелері талқыланды
Фото: gov.kz

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов жұмыс сапарымен Атырау облысында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сапар барысында Асхат Хасенов «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА-да болып, онда полипропилен өндіру зауытын жоспарлы тоқтатып жөндеу шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен, сондай-ақ экономикалық аймақтың болашақ жобалары үшін қолданыстағы және жоспарланып отырған инфрақұрылым объектілерімен танысты.

Сонымен қатар, Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов «GPC Investment» ЖШС компаниясы іске асырып жатқан қуаттылығы 1,15 млрд.текше метр газды қайта өңдеу зауытын салу жобасына және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС зертханалық кешеніне барып, жынысөзек және флюидтерді зерттеу зертханасының, кәсіпшілік химияның, геохимиялық зертхананың және сутегі энергетикасы қызметімен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер белгіленіп, одан әрі бірінші кезектегі әрекеттер айқындалды.

Өзгелердің жаңалығы