Атыраудағы «Тұлпар» лагері сүріледі

1 Сәуір 2023, 18:46
1411
Бөлісу:
Атыраудағы «Тұлпар» лагері сүріледі
Фото: AtyrauPress

Атырауда апатты жағдайдағы «Тұлпар» балалар лагерінің ғимараты бұзылады, деп хабарлайды BAQ.KZ. AtyrauPress-ке сілтеме жасап. 

Лагер алғашында теміржолшылар үшін 1972 жылы демалыс орны ретінде ашылған. Ал, 1991 жылы облыстық білім басқармасына берілген. Содан бері мұнда жазғы лагерь жұмыс істеп келе жатыр. 

«Облыстық мәслихатқа «Тұлпар» лагерін күрделі жөндеу туралы ұсыныс 2017-2018 жылдары жасалынған. Алғашында лагерьде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алайда ғимараттың жай-күйін толық зерделей келе, оны бұзып, жаңасын салу туралы шешім қабылданды. Енді бұл мәселе облыстық мәслихаттың отырысында талқыланады. Қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді деген жоспар бар. Құрылыс жұмыстарын ерте бастауға сақадай сай отырмыз», – деп хабарлады облыстық білім басқармасының басшысы Гүлнар Садуахасова.

Жайық өзенінің жағалауында орналасқан «Тұлпар» жазғы лагерінде спорттық алаңдар, суға жүзу бассейндері, түрлі үйірме жабдықтары болған. Мұнда 2019 жылы Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан соң 88 бала демалған.

Өзгелердің жаңалығы