Атыраудағы қылмыс: жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің денесі табылды

Марқұмдардың мәйіттері аулаға көмілгені анықталды.

 polisia.kz Бүгiн 2026, 20:44
Бүгiн 2026, 20:44
289
Фото: polisia.kz

Атырау қаласының маңынан Жангелдин ауылынан шыққан отбасының тағы екі мүшесі — Наурыз бен Мейрамгүлдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша аталған отбасының барлық мүшелерінің денесі анықталды.

Дереккөздердің мәліметінше, олар да өлтіріліп, Атырау қаласындағы Геолог ықшамауданында орналасқан, күдікті бұрын әйелімен бірге жалдап тұрған уақытша үйдің ауласына жасырын түрде көмілген. Алдын ала ақпарат бойынша, бұл қылмысты да Сұлтан Сәрсемалиев жасаған.

Еске салайық, бұған дейін екі адамды өлтірді деген күдіктілер Индонезиядан Атырауға жеткізілгені туралы жаздық.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысындағы Жангелдин ауылынан ерлі-зайыпты мен олардың екі ересек баласы бар отбасының хабар-ошарсыз кеткені белгілі болған еді.

Ал 6 қаңтарда жантүршігерлік дерек белгілі болды. Үйдің жанындағы қорадан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылған.

Кейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті ретінде марқұм зейнеткерлердің күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевтің аты-жөні көрсетілген жазба жарияланды. Ол жұбайымен бірге халықаралық іздеуге алынды.

Сондай-ақ біз Атырау облысындағы қоғамды шошытқан сұмдық оқиғаның хронологиясына тоқталған едік.

Аталған іске қатысты полиция атыраулық «хакерді» іздестіріп жатқанын жариялады. Одан кейін марқұм әйелдің соңғы аудиохабарламасы күдік тудырғаны айтылды.

Одан кейін Индонезияда күдіктінің ұсталған сәттегі фото-видеосы жарияланды. 

Наверх