Атыраудағы қатыгез төбелес: Жасөспірімдер қатарластарын аяусыз тепкілеген

Желіде тараған видео қоғамды шошытты. Оқиғадан кейін полиция 13-14 жастағы барлық қатысушыларды анықтады.

Бүгiн 2026, 11:38
АВТОР
 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 11:38
Бүгiн 2026, 11:38
150
Фото: видеодан алынған кадр

Биыл сәуір айында Атырау облысының Жылыой ауданында жасөспірімдердің қатысуымен оқыс оқиға болған.

Бейнекадрларда жасөспірімдердің екі қатарласына кезекпен жұдырық жұмсап, тіпті жүгіріп келіп тепкені көрінеді.

Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, құқыққа қарсы әрекеттерге қатысы бар 13-14 жастағы барлық кәмелетке толмағандар анықталған.

Жасөспірімдер заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді, – деп хабарлады ведомство редакция сауалына берген жауабында.

Полиция мәліметіне сәйкес, төбелеске қатысушылар ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынған.

Жиналған материалдар тиісті шара қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды, – деп нақтылады полиция өкілдері.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу, оқыту және асырау міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада дамуында тежелісі бар оқушыны сабақтан кейін соққыға жыққанын хабарладық.

Тағы оқи отырыңыз: Саксофон ойнаған балаға оқ атқан: Санкт-Петербургте Қазақстан тумасы ұсталды 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Atyrau vibe (@atyrauvibe)

Наверх